📍 Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен, 2026 жылдың 19-21 ақпан күндері Ақтау қаласы 17 ш/а Сұңқар спорт залында үстел теннисінен 9-11, 7-8, 5-6 сынып ұлдар, қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
🏫 Жарысқа Ақтау қаласы, Ақтау қаласы НИШ зияткерлік мектебі, Жаңаөзен қаласы, Бейнеу ауданы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауданы, Қарақия ауданы және Түпқараған аудандарынан
70-ке жуық ұлдар-қыздар қатысты.
🔄 Жарыс топтық жүйеде өтті.
🥇🥈🥉 «Үстел теннисі» 9-11 сынып ұлдар, қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын – Жаңаөзен қаласы, №15 ЖББМ
🥈 2 орын – Бейнеу ауданы, Сам ЖББМ
🥉 3 орын – Ақтау қаласы, НИШ
🥇🥈🥉 «Үстел теннисі» 7-8 сынып ұлдар, қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын – Жаңаөзен қаласы №15 ЖББМ
🥈 2 орын – Қарақия ауданы ЖББМ Гимназиясы
🥉 3 орын – Бейнеу ауданы, Үстірт ЖББМ
🥇🥈🥉 «Үстел теннисі» 5-6 сынып ұлдар, қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын – Жаңаөзен қаласы №1 ЖББМ
🥈 2 орын – Ақтау қаласы Т.Әшімбаев атындағы №11 мектеп лицей
🥉 3 орын – Қарақия ауданы, ЖББМ Гимназиясы
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамоталармен және дипломмен, кубокпен марапатталды.
✨ Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Жеңіске деген жігері үшін» номинацияларымен марапатталды.
🎉 «Үстел теннисі» 9-11, 7-8, 5-6 сынып ұлдар-қыздар жарыстары бойынша жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! 🇰🇿🔥

