Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі мен спорт бойынша сыныптан тыс бұқаралық спортты дамыту мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесі, туризм және экологиялық білім беру жұмысын жүзеге асыру болып табылады;
балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыруын, бұқаралық спортын, туристік-өлкетану және экологиялық туризм бойынша республикалық бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады;
білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттері арасында спорттық лига, гимназияда, спартакиада, турнирлердің мектепішілік, аудандық, қалалық кезеңдерін өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету;
жалпы білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушылары мен педагогтері арасында облыстық спорттық, туризм-өлкетану, экология бағытындағы шараларды, туристік жорықтарды ұйымдастыру мен өткізу;
республикалық гимназиада, лигалар, турнирлер, спартакиадаларға облыстық құрама командаларын іріктеп, қатыстыру жұмысын жүргізу;
білім алушылар мен педагогтер арасында туған жер табиғаты, елдің тарихы, жәдігерлер туралы білімдік-танымдық туризм-өлкетану және эколгия сабақтарының түрлі шараларын ұйымдастыру және өткізу.